Луизианада дүлей дауыл соқты
Американың Луизиана штатында дүлей дауыл соқты. Соның салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ондаған адам жарақат алды. Бұдан бөлек, сағатына 153 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып, ағаш пен электр бағаналарын құлатты.
Қазір аталған өңірде 100 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Өз кезегінде билік өкілдері апат зардабымен күрес жұмыстарын қолға алып, шығын көлемін есептеуге кірісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады
Өзгелердің жаңалығы