Лудоманиямен күресетін заң Мәжіліске қашан жетеді? - Аймағамбетов жауап берді

Жақында Мәжіліске лудоманияға қатысты заң жобасы келеді. Бұл жөнінде депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Лудоманиямен күресті заң жүзінде жүзеге асыру үшін заң жобасы бізге Үкіметтен келуі керек. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін заң жобасы жетпеді. Қазір Үкімет мүшелерімен осы жұмыс істеп жатырмыз. Әріптестеріміздің айтуы бойынша, осы 1-2 аптаның ішінде бұл заң жобасы бізге келеді. Қазір тиісті рәсімдер аяқталып жатыр, - деді депутат.

Оның айтуынша, заң жобасының Мәжіліске жетпеуіне бірнеше себеп болуы мүмкін.

1,5 жыл осындай өте маңызды заң жобасы келмегенінен кейін түрлі қауесеттер тарайды. Біз әріптестерімізге осы мәселені жеткізіп айттық. Соңғы кездесуімізде бұл мәселені төтесінен қойдық. Лудоманиямен күресу мәселесі өте маңызды. Мемлекет басшысы тапсырма берді. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты. Соның өзінен кейін бұл заң жобасының уақытылы келмеуі көп сұрақ туындатады. Біздің ойымызша, заң жобасы жақын арада келеді. Үкіметтегі әріптестеріміз бұл заң жобасының маңыздылығы мен қолдауы жайлы айтты, - деді депутат.

Асхат Аймағамбетов заң жобасында жарнама, лотомотивтердің жұмысы,жауапкершілікті күшейту жайлы нормалар бар екенін айтты.

Осы сынды басқа да нормалар бар. Көшедегі баннерлер, букмекерлік кеңселердің жарнамалары бағытында да тиісті жұмыс жүргізіледі. Лудомандарды емдеу, анонимді емдеу мәселелері де бар, - деп түсіндірді мәжілісмен кулуарда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы