Лудомания, зорлық-зомбылық: Биыл Мәжілісте қандай мәселелер шешілді?

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның 2023 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің осы жолғы сессиясында қазақстандықтарды толғандыратын барлық өзекті мәселелер талқыланды. Бұл лудомания, вейп, діни тәрбие, халықтың қарыз мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өндірістік қауіпсіздік, бағаның өсуі және т.б. Үкімет мүшелері депутаттар алдында сайлаушылардың барлық маңызды тапсырмаларының орындалу барысы туралы халық алдында есеп берді, - деді ол.

Қошанов атап өткендей, Парламенттік тыңдауда қазақстандықтардың қарыз ауыртпалығы мен қаржы сауатының өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар депутаттардың сындарлы ұсыныстары кредиттеу кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бастамашылық жасалған заң жобасына енді. Конституциялық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы есеп сотын тыңдау тәжірибесі басталды. Жылумен қамту және су ресурстары мәселелері бойынша депутаттардың баяндамалары тыңдалды.

Мәжілістегі барлық маңызды іс-шара ашық, тікелей эфирде және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр. Биылғы сессияда Қоғамдық палатаның жұмысы жандана түсті. Қоғамдық маңызы бар заң жобалары сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен нөлдік оқудан өтті. Биыл барлық фракцияның депутаттары өз сайлаушыларымен тығыз байланыста болып, ерекше қарқынмен жұмыс атқарды. Мәжілісте тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің бәрі қаралды, - деп айтты Ерлан Қошанов Мәжілісте.

Оның мәліметінше, сессия барысында барлығы 233депутаттық сауал жолданды. Парламенттік талқылаудың, депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді.

Биыл депутаттар Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты. Келер жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру және халықтың мүддесін қорғау бойынша жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұмысты жалғастырамыз, - дейді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы