Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы жиыны қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті қоғамдық сенім кеңесінің ережесі және құрамы бекітілді. Осы орайда ОКҚ-да өткен брифингте ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны қашан өтетіні туралы хабарлады.
«Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны тамыз айында, шамамен 20-ларында өтеді деп жоспарлап отырмын. Бүгінде күн тәртібі, қандай жұмыс топтары құрылады, олардың құрамына кімдер кіреді, осының барлығын шешетін боламыз. Осы ұлттық кеңестің құрамына кіріп отырған азаматтарға алғыс білдіремін. Әрине, басқа да адамдарды тартуға болар еді. Бірақ біз осы талқылауларда нақты мәселелер көтеріп, ұсыныстар жасаймыз дегендіктен, ол тек жиын барысында айтылып қоймай, шынайы өмірде де қолданысқа енуі керек», - деді Ерлан Қарин.
Айта кетейік, бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес туралы Жарлыққа қол қойды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы