Ұлттық кеңес аграрлық білімді дамытуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңестің үшінші отрысы онлайн режимінде өтіп жатыр. Отырыста еліміздегі білім беру мәселелері талқылануда.

Ұлттық кеңес мүшесі Төлеутай Рақымбековтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін осы саланың білікті мамандарын дайындаудың маңызы зор.

Аргентина, Бразилия, Израиль секілді елдер инновацияны кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы саласында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Нәтижесінде осы елдер азық-түлік импорттаушылардан экспорттаушылар бойынша әлемдік көшбасшыларға айналды. Қазақстан да осы елдер сияқты бола алады. Ол үшін ауыл шаруашылығын ғылыми қолдауға және жаппай жұмысшылардан бастап жоғары білімі бар мамандарға дейінгі кадрларды даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бүгінгі таңда оқыту сапасы мен оқу бітіргеннен кейін жұмыспен қамтудың төмен деңгейіне қатысты көптеген сын айтылады. Бұл проблемаларды шешу үшін ЖОО-ларды профильдеу керек деп есептеймін. Менің ойымша, саланы қажетті кадрмен қамтамасыз ету үшін қазіргідей 22 университет емес, үш аграрлық университеттің мүмкіндігі толығымен жеткілікті – деді ол.
Оның айтуынша, түлектерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту үшін президенттің жеке, қосалқы шаруашылықтарды дамыту туралы тапсырмасын іске асыруға - тұтастай ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің кооперациясы мүмкіндік береді. 
Кооперативтер ауылды дамытудың әлеуметтік, экономикалық және саяси негізі бола алады. Алайда оны жүйелі пайдалану керек. Білім беру саласында жағымды жаңалықтар да бар. Қазіргі таңда екі аграрлық университетке ұлттық аграрлық және астаналық С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетке ғылыми зерттеу университеті мәртебесін беру туралы Үкімет қаулысының жобасы мемлекеттік органдардың қарауына енгізілді. Ауылды жерлерде инновацияны сәтті қолдану үшін білімді тарату жүйесі өте маңызды. Бірақ бүгін де ол да шашыраңқы күйде. Ауылды жерлерде білім таратудың ұлттық жүйесін құру бойынша бағдарлама әзірлеп, оның бірыңғай операторы ретінде ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын анықтауды ұсынамын, - деді Төлеутай Рахымбеков. 
Оның айтуынша, бүгінде ғылыми жетістіктердің дәл осы білім беру жүйесінің дамуына тікелей байланысты. 
Өкінішке қарай, алдағы жылға аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі жоспарланған деңгейден 6 есе кем сомаға қысқартылып жатыр. Әрине бүгінгі жағдайда бюджет шығыстарын азайту қажеттігін толығымен түсінеміз. Бірақ ғылымды орташа елдер деңгейінен 12,5 есе аз қаржыландыруды оңтайлы шешім деп есептемеймін, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы