Еліміздегі екі министрліктің вице-министрлері қызметінен босатылды

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық экономика, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;

Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

         

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы