Ұлттық банк жастарды жұмысқа шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі өзінің кадрлық резервін қалыптастыру үшін іріктеу жұмысын бастады. Бұл туралы бас банктың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ҚР Ұлттық банкінің кадр резервін қалыптастыру үшін іріктеуді бастағанын хабарлайды. Жоғары оқу орындарының дарынды әрі болашағы зор түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз. Үміткерлерді таңдау кезінде: тиісінше білімнің болуы, біліктілігінің жоғары деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл үйрену сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып саналады», - делінген банктің хабарламасында. 

Ең үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен іріктеу арқылы қамтамасыз етіледі. Үміткерлерге түйіндеме, эссе жазу және іріктеудің бірнеше сатысынан өту ұсынылады. Түйіндеме мен эссені қарау нәтижесі бойынша іріктелген үміткерлер адам капиталын дамыту бөлімшесімен әңгімелесуге шақырылады. Ол психологиялық тестілеуден, Ұлттық банктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуден тұрады.

Айта кетейік, іріктеу жеңімпаздары Ұлттық банктің кадр резервіне алынады және бір жыл ішінде Ұлттық банкке жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Ұлттық банктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

Бос лауазым орындарына қатысты ақпарат және оларға қойылатын талаптармен банктің www.nationalbank.kz ресми сайтынан таныса аласыздар.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы