LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылы үш күнге жабылады
"City Transportation Systems" ЖШС (CTS) Астана тұрғындары мен қонақтарына 2024 жылы 31 тамызда Қабанбай батыр даңғылының жабылатынын ескертті. Оған себеп - LRT құрылысы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
CTS мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен – "Астана жұлдызы" айналма жолынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылады. LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі, - деді "City Transportation Systems" ЖШС
Қала тұрғындары мен қонақтарына жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы