LRT құрылысы: көлік қозғалысына Мәңгілік Ел даңғылы ішінара жабылады
LRT құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты Астанада автокөліктерге арналған қозғалыс екі жол учаскесінде жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ СТЅ-ке сілтеме жасап.
Мәселен, 12 қазан күні сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін және 13 қазан күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Сығанақ көшесінің оң жақ съезінде Арыс көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына дейін (Достық көшесіне қарай) жолдың жоғарғы құрылысына негіздерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыстарды жабу жоспарлануда. Бұл ретте Сығанақ көшесіндегі екі бағыттағы қозғалыс ашық күйінде қалады.
13 қазан күні сағат 02:00-ден 09:00-ге дейін Сығанақ көшесінің қиылысында екі бағытта да Мәңгілік Ел даңғылының бойымен құрама қорап арқалықтарға бетон құю үшін қозғалысты шектеу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы