LRT құрылысы: Астанада Қабанбай батыр даңғылының бөлігі жартылай жабылады
16 қазанға дейін № 108 LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай Астана тұрғындары мен қонақтарына Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде күздің ортасына дейін қозғалыс ішінара шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 шілде сағат 23:00-ден бастап 16 қазанға дейін
Елорда әкімдігінің мәліметінше 15 шілде сағат 23:00-ден бастап 16 қазанға дейін №108 LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының бойында Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесі бағытында қозғалыс ішінара шектеледі – жол бір жолаққа дейін тарылады. Кері бағытта қозғалыс өзгеріссіз қалады, – деп жазылған хабарламада.
Әкімдік қала тұрғындарын жол қозғалысы бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырады.
Бірқатар съезд уақытша жабылады
Сонымен қатар, 13–16 шілде аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар съезд уақытша жабық.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, төмендегі бағыттарда көлік қозғалысы тоқтатылған:
- Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне бұрылатын жол,
- Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына бұрылатын жол.