LRT құрылысы: Астанада бірнеше көше жабылады

Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады.

Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы CTS сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілер жағдайға түсіністік танытып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы