LRT қашан жүре бастайды? Әкім нақты мерзімін айтты

Астанада LRT тест режимінде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-дегі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі қазіргі уақытта тест режимінде жұмыс істеп тұр. Қала әкімінің айтуынша, ай соңына дейін барлық вагондардың жеткізілуі күтіледі.

Сонымен қатар стансалардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы екі ай ішінде LRT-ны толық іске қосуға қажетті барлық дайындық жұмыстары толық тәмамдалады деп жоспарланып отыр.

Келесі жылы LRT жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл жоба тоғыз жылдам көлік дәлізін іске қосудың нәтижесінде қоғамдық көліктің “қарбалас” уақыттағы орташа қозғалыс жылдамдығын 30 пайызға арттырып, автобустардың жүру аралығын 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді, – деді Қасымбек брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы