Бүгiн 2026, 10:30 Фото: "City Transportation Systems" ЖШС

LRT нақты қашан іске қосылатыны белгілі болды

Бүгін CTS БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын өткізіп жатыр.

Іс-шарада компания басшысы Асылбек Дүйсебаев LRT пойыздары нақты қашан азаматтар үшін іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, LRT вагондары арқылы осы аптадан бастап қала ішінде қатынауға болады.

LRT осы аптада іске қосылады, - деді Дүйсебаев журналистерге.

LRT желісінің ұзындығы – 22,4 км, стансалар саны 18.

LRT бағыты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, «Mega Silk Way» СОО, Ботаникалық бақ, «Абу Даби Плаза» КФК, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы сияқты Астана қаласының негізгі көшелері мен аудандары бойынша өтеді.

LRT жұмыс кестесі: 06:00-23:00 сағат.

Еске салайық, бұған дейін LRT жүйесі іске қосылуға дайын екенін, сынақ кезеңі аяқталғанын хабарладық. 

Тағы оқи отырыңыздар: Астанада жеңілдігі бар LRT картасын үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады? 

Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды