LRT мәселесін шешу үшін отандық және шетелдік сәулетшілерді шақырудан басқа амалымыз жоқ – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Бұл қоғамның наразылығын тудырып отыр. Қарапайым инфрақұрылымдық нысаннан елдің мәртебесіне нұқсан келтіретін құрылысқа айналды. Қазірдің өзінде қыруар қаржы жұмсалып, қарыз алынды. Шетелдік серіктестермен келісімдер орнатылды. Жоба бастапқыдан сәтсіз еді. Одан жемқорлықтың иісі шығады. Қазір тиімді  шаралар қабылдау керек. Оны жай алып тастау қаржы мен уақытты алады. Отандық және шетелдік сәулетшілерді осы жобаны қолданудың жолын табу үшін шақыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы