Лотереяға 18 жастан асқан азамат қана қатыса алады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп хаабрлайды BAQ.KZ тілшісі.
Лотерея және құмар ойындарға жасөспірімдердің қатысу дерегі болды ма, оларды кім бақылайды? Мұндай жағдайда ата-аналарына немесе бизнес субъектілеріне қандай шара қолданылады деп БАҚ өкілдері вице-министрге сауал қойды.
Оның айтуынша, бірнеше этапты көздейтін верификация жасалады. Заң бойынша 18 жастан асқан азамат лотереяға қатысуға құқылы.
Аталған жастан төмен болса, ондай тұлғаларға қатысуға тыйым салынған. Оны лотерея операторы да, өзіміз де қадағалаймыз. Лотереяға қатысушылардың барлық дерегі бар. Сондай-ақ, заңмен белгіленген талапты бұзған жағдайда 445-бапқа байланысты тиісті жауапкершілікке тартылады, - деді вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат орман аумағына интернет қосу керегін айтты
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы