Лондонда жүздеген адам наразылыққа шығып, ауқаттыларға салық салуға шақырды
Лондонда Кингс-Кросс теміржол станциясының алдына жүздеген адам жиналып, өмір сүру деңгейінің қымбаттап бара жатқанына шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еuronews.com сайтының мәлімдеуінше, тұрғындар: "Ауқаттыларға салық салыңдар, кедейлерге тиіспеңдер", "Көтерілісті қолдаңдар", "Жалақының көтерілгенін қалаймыз!" деген жазулар жазылған плакаттар алып шыққан.
Акцияның қатысушыларын көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар қолдаған.
Белгілі болғандай, Британияның жаңа премьер-министр Лиз Трассқа қысым көбейіп келеді.
Трасс жазда бұрынғы қаржы министрі Риши Сунакты жеңіп, үкімет басына келген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та «Иэн» дауылынан 80-ге жуық адам қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы