Лондонда кит Темза өзенінде тұрып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда Лондонның оңтүстік-батысындағы Темза өзенінде жүзіп жүрген кішкентай китті құтқару операциясы жүргізілді. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Оқиға кеше кешке Ричмонд шлюзінде болған деп көрсетілген. Шамамен 4 метрлік кит сол жерде тұрып қалған.

Құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша 21:00 – де барған. Төрт сағаттан кейін кит қауіпсіз жерге жеткізілді.

Ветеринар жануардың жағдайын бағалайды, киттің кейбір зақымдары бар көрінеді. Тексеру қорытындысы бойынша китті еркіндікке шығару туралы шешім қабылданады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы