Лондонда карнавал кезінде 420-дан астам адам қамауға алынды
Лондонның Ноттинг Хилл ауданында өткен екі күндік афро-Кариб мәдениетінің дәстүрлі карнавалы кезінде полиция 420-дан астам адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Полицияның ресми мәлімдемесінде айтылғандай, мерекелік шара барысында екі адам пышақ жарақатын алған, алайда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Биылғы карнавалда зорлық-зомбылық деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен болғанымен, суық қарумен жасалған екі шабуыл тіркелген.
Ноттинг Хилл карнавалы – Еуропадағы ең ірі көше фестивалі. Ол 1964 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын миллионнан астам көрерменді жинайды. Әдетте бұл кезеңде есірткі айналымы мен пышақтасу қылмыстарының көбеюі байқалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы