Лондонда “Арсенал” мен “Қайрат” матчының билет бағалары жарияланды

Ағылшынның “Арсенал” футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы алматылық “Қайратқа” қарсы матчтың билет құнын жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Матч 2026 жылдың 28 қаңтарында өтетініне қарамастан, лондондық клуб билеттердің бағасын 2025 жылдың қараша айында-ақ жария етті.

Клубтың ресми ақпаратына сәйкес, “Арсенал” – “Қайрат” кездесуіне билет құны 44,8 бен 84 фунттың арасында. Бұл шамамен 30 800 бен 57 750 теңге аралығына тең.

Аталған баға “Қайрат” жанкүйерлеріне арналған арнайы сектордан өзге барлық орындарға қатысты белгіленген. Сонымен қатар “Арсенал” маусымдық абонемент иелері Чемпиондар лигасындағы осы матчтың билеттерін автоматты түрде алған. Ерекше жағдайларда ғана олар өз орындарын досына немесе туысына бере алады.

Ал Лондонда алматылық команданы қолдағысы келетін жанкүйерлерге арналған фан-сектор билеттерінің бағасы кейінірек хабарланатын болады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы аясында “Қайраттың” Алматыдағы Орталық стадионында өткен матчының билеттері 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейінгі аралықта сатылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: “Қайрат” ФК
Өзгелердің жаңалығы