16 Маусым 2023 2023, 18:55 Фото: pixabay.com

Лондон Украинаға 77 миллион доллар бермек

Лондон НАТО қорына Украина үшін 77 миллион доллар аударады.

Лондон Украинаға көмектесу үшін  60 миллион фунт стерлинг (77 миллион доллар) береді. Бұл туралы Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл Украинаны қажетті құрал-жабдықтармен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі біздің тұрақты міндеттемеміздің бір бөлігі, - деп мәлімдеді Уоллес.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Украинаға тасымалданатын ұшқышсыз ұшақтардың соңғы үлгілері бейнеленген видео жариялаған болатын.