Лондон әуежайында экс-футболшы зорлау ісі бойынша қамауға алынды

Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Лондондағы Стэнстед әуежайында зорлау күдігімен ұсталды. Бұл туралы Daily Star басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламаларға қарағанда, күдікті паспорттық бақылаудан өткен сәтте шекара қызметкерлері оны полиция сұрауы бойынша тоқтатып, әкеткен. Жәбірленуші бірнеше апта бұрын полицияға зорлау жөнінде арыз берген. Полиция 30 қараша күні күдіктіні елден ұшып кетуге талпынған кезде қамауға алған.

Ол полиция бөлімінде саусақ іздерін тапсырып, ДНҚ үлгілерін берген. Тергеуден кейін футболшы кепілмен босатылды, іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы