Қаржы нарығын реттеу агенттігі ломбардтарды 1 шілдеге дейін тіркеуден өтуге міндеттеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы ломбардтардың қызметіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Микроқаржылық қызмет туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ломбардтардың жеке тұлғаларға микрокредиттер беру жөніндегі қызметі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржылық қызметке жатқызылды.

Бұл ретте өз қызметін жүзеге асыру үшін ломбардтар 2020 жылғы 1 шілдеден кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өтуі қажет, одан кейін Агенттік осы ұйымдарды реттеуді жүзеге асыратын болады. Бүгінде ломбардтардың бірде-біреуі есептік тіркеуден өту үшін Агенттікке өтініш жасамаған және, тиісінше, микроқаржы ұйымдарының тізілімінде жоқ.

Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізімімен Агенттіктің www.finreg.kz ресми сайтында "Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі" - "Рұқсаттар" - "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу" бөлімінде танысуға болады.

Ломбардтардың қызметін реттеу Агенттік олар есептік тіркеуден өткеннен кейін және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатынын ескере отырып, ломбардтардың қызметтеріне жүгінген кезде қол қою алдында барлық құжатты мұқият зерделеуге кеңес береміз. Ломбардтардың қызметі ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі, оған сәйкес ломбардтар халыққа микроқарыздар беруге құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында халықтан ақшаны тек екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Агенттік атынан уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде тарта алады, - делінген ведомство хабарламасында.

Қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ немесе Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген компаниялармен шарттық қатынастарға түсе отырып, азамат барлық ықтимал тәуекелді өз бетінше бағалауға және өз әрекеттері үшін жауапты болуға тиіс екендігіне назар аударған жөн.

Ломбардтардың қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Агенттікке мына: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3, 21-үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша, "Агенттік туралы, кіші бөлімдер: "Агенттіктің құрылымы" - "Агенттіктің бөлімшелері" бөлімінде) хабарласуларыңызды сұраймыз. Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 (727) 2788 121, e-mail: Fingramota@finreg.kz.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы