Локдаун қайта енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде осылай деді.
Жағдай біздің қоғамның санитарлық ережелерді сақтауына байланысты. Осы ережелерді бұзатын болсақ, індетке шалдыққандардың саны өсетін болса, әрине, локдаун да, карантин де қайтадан енгізілуі мүмкін. Ол тек қана біздің қолымызда, қоғамның қолында. Санитарлық дәрігерлердің қойған ережелерін мүлт етпей орындау керек. Соған байланысты болып тұр бәрі, - деді Бағдат Қожахметов.Ресми өкіл келесі кезең қандай жағдайда жеңілдейтінін нақты түсіндіріп берді
Негізі нақты 3-4 көрсеткіш бар. Соның бірі R-көрсеткіші, қазір ол 0,72% болып тұр. Сондай-ақ, провизорлық орталықтардағы төсек-орындардың қамтылу саны, күнделікті коронавирусқа шалдыққан азаматтар көлемі де есепке алынады. Қазір елімізде жағдай түзеліп келеді. Бұл көрсеткіштердің халықаралық деңгейде өзіндік межесі болады, біз одан төмендедік. Бірақ, бұл көрсеткіш қайта көтерілуі мүмкін. Сондықтан, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтап жүру керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде Кавасаки синдромымен қанша бала ауырып жатыр?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы