31 Қазан 2026, 18:18 Фото: Anadolu

Ливиядағы БҰҰ миссиясының мандаты тағы бір жылға ұзартылды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ливиядағы БҰҰ-ның қолдау миссиясының (МООНПЛ) мандатын 2027 жылғы 31 қазанға дейін ұзартты.

Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді.

Ливиядағы БҰҰ қолдау миссиясының мандатын ұзарту туралы Ұлыбритания әзірлеген қарар жобасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің дауыс беруіне шығарылды.

Құжатты Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі қолдады. Ресей мен Грекия қалыс қалды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша миссияның мандаты 2027 жылғы 31 қазанға дейін ұзартылды.

Ливиядағы БҰҰ қолдау миссиясы (МООНПЛ) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен 2011 жылғы 16 қыркүйекте Ливия билігінің өтініші бойынша құрылған. Оның мақсаты – сол жылы елде болған қарулы қақтығыстан кейінгі саяси өтпелі кезеңге қолдау көрсету.

МООНПЛ – БҰҰ-ның арнайы саяси миссиясы. Оның қызметі Ливиядағы әскери күштер мен экономикалық институттар арасындағы алауыздықты еңсеруге, сондай-ақ қақтығысушы тараптар арасында делдалдық жасауға бағытталған.