Ливияда тасқыннан 2 мың адам көз жұмды

Ливияның Дерна қаласында толассыз жауын салдарынан екі тоған жарылып, қаланы топан су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Соның салдарынан 2 мың адам көз жұмды. 6 мың азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір оларды құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұдан бөлек, тасқын су мыңдаған үйді қиратып, көліктерді шайып әкеткен. Апатқа байланысты аймақта төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы