Ливияда наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливияның шығысындағы Тобрук қаласындағы парламент ғимаратына шабуыл жасалды.

Бұл туралы Libya News Agency хабарлады.

Оның басты себебі елдегі өмір сүру жағдайының нашарлауына байланысты.

Агенттік мәліметінше, демонстранттар ғимарат ішіндегі ресми құжаттарды, кабинеттер мен қабылдау залдарын өртеп жіберген.

Шеру Триполиде де өтті. Наразылық білдірушілер жергілікті билікті таратуды, президенттік және парламенттік сайлауды өткізуді, сондай-ақ электр қуатымен дағдарысты шешуді талап етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы