Ливия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Ливияның жағалауында екі қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде төрт мигрант көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ливияның Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, екі қайықтың бортында шамамен 95 адам болған.

Ливия Африка елдерінен Еуропаға Жерорта теңізі арқылы өтуге талпынатын мигранттар үшін негізгі транзиттік бағыттардың бірі болып отыр. Жыл сайын ондаған мың адам осындай қауіпті сапарға шығып, олардың жүздегені теңіздегі апаттардан қаза табады.

Халықаралық көші-қон ұйымының соңғы деректеріне сәйкес, Ливия аумағында 44 түрлі елден келген шамамен 867 мың мигрант тұрып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы