Ливия астанасында қарулы қақтығыстар орын алды

Ливия астанасы Триполиде қарулы қақтығыстар болып, қалада атыс дауысы естілді. Бұл туралы Al Mayadeen басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қақтығыс Ұлттық бірлік үкіметінің аппарат басшысы Абдельгани Әл-Киклидің өлтірілуінен кейін басталған. Осыған байланысты Ливия Ішкі істер министрлігі тұрғындарды қауіпсіздік үшін үйлерінен шықпауға шақырды. Министрлік мәлімдемесінде қақтығыстар "Мисурат бригадасы қолдайтын 444-ші жауынгерлік бригада" мен "қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау аппараты" арасында болып жатқаны айтылған.

Қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты Триполидегі Митига халықаралық әуежайы уақытша жабылды. Рейстер елдің шығысындағы Мисурата қаласына бағытталуда.

Осы жағдайлар аясында Ресей тарапының Ливиямен байланыстары да назар аудартады. 10 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Ливия ұлттық армиясының (ЛНА) Бас қолбасшысы Халифа Хафтармен кездесу өткізгені белгілі болды. Ал 8 мамырда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Мәскеуде Хафтармен Ливиядағы және бүкіл Солтүстік Африка аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo / Manu Brabo
Өзгелердің жаңалығы