23 Қыркүйек 2020 2020, 14:49

Ливанның қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның оңтүстігіндегі Айн-Кана ауылында күшті жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп жазды «Хабар 24». 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның оңтүстігіндегі Айн-Кана ауылында күшті жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп жазды «Хабар 24». 

Ақпарға қарағанда «Хизбалла» қозғалысының осы мекендегі қару-жарақ қоймасы жарылған. Жарылыс Израиль әуе күштерінің соққысынан болуы мүмкін деген болжам бар. 

Бірақ жергілікті билік оқиғаға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазір тергеу жүріп, жарылыстың себебі анықталып жатыр.