Ливандық ғалым Сұлтан Бейбарыстың крестшілермен күресте ерекше тактика қолданғанын айтты
Ливандық тарихшы Омар Абдель Салам Мысыр қолбасшысы Сұлтан Бейбарыстың ерекше соғыс тәсілі болғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ислам әлемі туралы 150 кітап жаздым. Сол кітаптарымның негізгі тақырыбы ислам әлемі жайлы. Кітапта Сұлтан Бейбарыстың Таяу-Шығыстағы әрекеттері мен Ислам әлемінде орны туралы баяндалады. Жалпы, Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітін салды, онымен қоса мәмлүктердің Ливан жерінде мұрасы мол. Оның бүкіл әрекеті мұсылман елдерін крестшілер мен басқа да басқыншы империалистерден қорғаған, – деді ғалым.
Профессор Мысыр билеушісінің шайқас кезінде ерекше тактика қолданғанын айтады. Оның айтуынша, Бейбарыс өз әскерімен бетпе-бет соғыса бермейді.
Сұлтан Бейбарыс Мысырдағы жасырын жолдарды жақсы білген. Мәселен, Мысыр жерін крестшілерден азат еткенде сол жасырын жолдарды пайдаланған. Олардың бекіністерін бұзып кіріп, тікелей шабуылға көшкеннен гөрі жергілікті жердің ыңғайына жүгінген. Ол бірнеше шайқасты солай жеңген болатын, – деді Омар Абдель Салам.