Бүгiн 2026, 02:34 Фото: REUTERS / Mohamed Azakir

Ливанда қаза тапқандар саны 2000-нан асты

Қақтығыс аймағындағы жағдай әлі де шиеленісті күйінде қалып отыр.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі елде қақтығыс басталғалы бері қаза тапқандар саны 2000-нан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Министрлікке қарасты төтенше жағдайлар орталығының дерегінше, 2020 жылдың 2 наурызынан бері 2020 адам қаза тауып, 6436 адам жарақат алған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі Туффах қаласына жасаған соққысы салдарынан тағы 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Қақтығыс аймағындағы жағдай әлі де шиеленісті күйінде қалып отыр.