Бүгiн 2026, 05:18 Фото: REUTERS / Mohamed Azakir

Ливанда қақтығыс салдарынан 2 294 адам қаза тапты

Министрлік дерегіне сәйкес, қаза тапқандар арасында медицина қызметкерлері де бар.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі 2 наурыздан бері Израильдің әуе соққылары салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы жаңа деректер жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, әскери шиеленіс басталғалы бері кемінде 2 294 адам қаза тауып, 7 544 адам жарақат алған. Сонымен қатар, соңғы 10 күндік атысты тоқтату келісімі күшіне енгенге дейін кемінде 98 адамның қаза тапқаны, 359 адамның жараланғаны хабарланды.

Министрлік дерегіне сәйкес, қаза тапқандар арасында медицина қызметкерлері де бар: 100 дәрігер мен медқызметкер көз жұмып, тағы 233 адам жараланған.

Ведомство іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын, сондықтан құрбандар саны әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.