Ливанда халық ереуілі басылар емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанда халықтың ереуілі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласуда, деп хабарлайды 24.kz. 

Наразы халық осы аптаның сейсенбісінен бастап ереуілдетіп жатыр. Жиналғандарды тарату үшін үкімет жасағы көз жасаурататын газ бен шоқпар қолданған. Белсенділер де қарап қалмай, тәртіп сақшыларына тас жаудырып, аймақтағы бірнеше ғимараттар мен кеңселердің тас талқанын шығарған. Бірнеше адам қамауға алынды.

Ресми мәлімет бойынша 45 адам жарақат алды. Олардың 35-і ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында БАҚ өкілдері де бар.

Естеріңізге салайық, Ливандағы халықтың үкіметке қарсы ереуілі өткен жылдың қазанынан бастап жалғасып келеді. Жергілікті жұрт биліктен экономикалық реформаны талап етуде.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы