19 Қараша 2025, 07:13
Фото: Violeta Santos Moura / Reuters
Ливанда Израильдің әуе шабуылынан 13 адам көз жұмды
Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласына Израиль әуе күштері жасаған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі Ливан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласына Израиль әуе күштері жасаған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі Ливан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әуе соққысы палестиналық босқындар тұратын Айн-эль-Хилве лагеріндегі жаттығу нысанына бағытталған. Министрлік мәліметінше, тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Бұған дейін, 6 қарашада Израиль Қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" қозғалысының инфрақұрылымына қарсы бірқатар соққылар жасағанын хабарлаған. Израиль тарапының мәлімдеуінше, бұл нысандар қозғалыстың инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында пайдаланылған.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 2 қарашада Ливандағы "Хезболла" күштерінің қайта қарулануға талпынысы қауіп төндіретінін айтып, атысты тоқтату режимі аясында өзін-өзі қорғау құқығын қолданатынын мәлімдеген.
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07