Бүгiн 2026, 10:44 Фото: pixabay.com

Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 3 600-ге жуықтады

Елді мекендерге жасалған әуе соққылары жалғасып, қаза тапқандар мен жараланғандар саны өсіп келеді.

Ливанда әскери шиеленіс басталған 2 наурыздан бері Израильдің әуе шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 3 593 адамға жетті. Ал жараланғандар саны 10 990 адамды құрады.

Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сенбі күні Израиль әскери-әуе күштерінің Ливанның оңтүстігіндегі Набатия провинциясы мен Батыс Бекаа өңіріне жасаған соққылары салдарынан бір тәуліктің ішінде 35 адам қаза тауып, 120 адам жараланған.

Бомбалау жарияланған бітімге қарамастан жалғасып жатқаны атап өтілді. Осыған байланысты күн соңына дейін қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артуы мүмкін.