Ливанда қақтығыстар қайта өршіді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шерушілер биліктен қатаң карантиндік режим салдарынан болған шығынды өтеп беруін талап етуде.
Елде карантин енгізілгеніне қарамастан, экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты үкіметке қарсы қақтығыстар қайта өршіді. Бұл туралы ru.euronews.com хабарлайды. Елдің солтүстігіндегі Триполи қаласында шерушілер полиция және әскери қызметкерлерге тас лақтырған. Ал, құқық қорғау органдары демонстранттарға қарсы көз жасаурататын газ қолданған.
Жағдай шерушілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы қақтығыста бір демострант қаза тапқаннан кейін өршіп отыр.
Халық аш, билік басындағыларға ішкі қайғысын жеткізгісі келеді. Алайда, олар басып тастап отыр. Кешегі жағдай осыдан басталды. Триполиде халық нысанаға айналды, шерушілерді террорист ретінде көрсетуде. Бірақ, халықтың мұңын естігісі келмейді, - дейді шерушілердің бірі.
Қақтығыс кезінде 50-ден астам әскери қызметкер, оның ішінде 9 офицер жараланған. Шерушілер биліктен өздерінің әлеуметтік құқықтарын қорғап, қатаң карантиндік режим салдарынан болған шығынды өтеп беруін талап етуде. Карантин кезінде ливандық фунт екі есе құнсызданып, негізгі азық-түлік 60%-ға қымбаттаған.