Ливан билігі Каддафидің ұлын 11 млн доллар кепілмен босатуға келісті
Ливан соты Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибал Каддафиді 11 миллион доллар кепіл төленген жағдайда түрмеден босатуға келісім берді. Бұл туралы 17 қазанда Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі (NNA) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, шешімді «Имам Мусса ас-Садрдың ұрлануы мен жоғалу ісі» бойынша тергеуші судья Сахер Хамада қабылдаған.
Ганнибал Каддафи 11 миллион доллар кепіл төлеу және елден шығуға тыйым салу шартымен босатылады, – делінген агенттік хабарламасында.
Алайда Ливан парламентінің депутаты, генерал-майор Ашраф Рифи бұл шешімге қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, Каддафиді босатуды шартқа байлау – «заң мен әділеттілік рухына қайшы».
Сот оны дереу босатуы тиіс. Ливан мемлекеті одан кешірім сұрауы керек, себебі оның қамауға алынуы ерікті әрі негізсіз болды, – деді депутат.
Рифидің пікірінше, Ганнибал Каддафи судьяны сотқа беруге толық құқылы, өйткені қабылданған шешім «сот төрелігі мен адам құқықтарының негізгі қағидаттарын бұзады».
Кіші Каддафи 2015 жылдың желтоқсанында Ливанда ұсталған болатын. Ол имам және саясаткер Мұса ас-Садрдың 1978 жылы жоғалып кету ісі бойынша қамауға алынған. Каддафидің өзі бұл оқиғалар кезінде небәрі үш жаста болғанын және ас-Садрдың жоғалуына қатысы жоқ екенін мәлімдеген.