Беларусь. Литва ынтымақтастық белгісі ретінде 35 шақырымдық тізбек құрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белсенділердің есебі бойынша акцияға 50 мыңға жуық адам қатысқан.
Литва тұрғындары жексенбіде Вильнюстен Беларусь шекарасына дейін сол елде президенттік сайлаудан кейін өтіп жатқан наразылық білдірушілерге ынтымақтастық белгісі ретінде 35 шақырымдық тізбек құрды. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушылардың бірі журналист Андрюс Тапинас хабарлады, деп жазады tass.ru.
Біздің есептеуімізше, «Бостандыққа жол» ынтымақтастық акциясына 50 мыңға жуық адам қатысты, олар бір-бірін қолдап, символдық түрде қол ұстасып тұрды, - деді ол LRT ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясының эфирінде.
Бұл тізбек Балтық Республикасы астанасының орталығындағы Кафедральды алаңынан басталып, Литва-Беларусь шекарасындағы «Медининкай» бақылау-өткізу пунктіне дейін созылды, Вильнюстен осы пунктке дейінгі қашықтық шамамен, 35 шақырым.
Акцияға Литва президенті Гитанас Науседа да қатысты.
Біз Беларусь халқын қолдаймыз және 30 жыл бұрын (Литваның тәуелсіздігі үшін күресте) әртүрлі елдердің ізгі ниетті адамдары біздің елге көмектескен кездегі тарихи қарызды қайтарамыз, - деді ол.
Осыдан тура 31 жыл бұрын «Балтық жолы» деп аталатын осындай іс-шараны тәуелсіздікке ұмтылған Литва, Латвия және Эстония ұйымдастырған еді.
1989 жылы 23 тамызда аталмыш елдердің тұрғындары Молотов-Риббентроп пактісіне қол қойылуының 50 жылдығына арналған жаппай акция өткізді, оның салдары Балтық елдерінің мемлекеттік тәуелсіздіктен айырылуына алып келі.
«Балтық жолына» 2 миллионға жуық адам қатысып, Вильнюстен Рига мен Таллинге дейін тізбек құрылған болатын.