10 Наурыз 2024 2024, 20:32 Фото: olympic.kz

Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнирдегі қарсыласы Алексей Алферовті жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнирдегі қарсыласы Алексей Алферовті жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

80 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз алғашқы раундта қарсыласынан жеңілген. Алайда қалған екі раундта Нұрбектің мерейі үстем болды.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша ол 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Н.Оралбайдың Олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндігі арта түсті.