Лицензиялау балабақшалар жұмысын жақсартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарованың қатысуымен брифинг өтті. Спикер 2024 жылы басталатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін лицензиялаудың артықшылығы неде екенін айтты.
Лицензиялау процесі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлады Гүлдана Омарова. Айта кетсек, 2011 жылға дейін балабақшалар лицензияланған болатын, осылайша Мемлекет басшысының оны қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалады.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары бұнымен мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс сапасы жақсарады деп санайды. Әзірге қолданыстағы нормаларға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарды ашу кезінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ғана беріледі. Бұл ретте онда көрсетілген мәліметтер ең аз және тексерілмейді. Бұрын лицензия алу үшін жеке және мемлекеттік балабақшалар біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы керек еді.
Гүлдана Омарованың айтуынша, балабақшаларды лицензиялау бүкіл әлемдегі сияқты тәрбиешілерге, балалардың мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайларына, қауіпсіздікке және басқа да мәселелерге қатысты ең төменгі біліктілік талаптары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу өртке қарсы, санитарлық нормалардың, топтардағы балалар саны бойынша талаптардың сақталуын тексеруге мүмкіндік береді, кәсіпкерлердің мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін, сондай-ақ ата-аналар алдындағы жауапкершілігін арттырады, - деп атап өтті ӨКҚ брифингінің спикері.
Мекеме басшысының орынбасары лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін атап өтті. Алдымен жаңадан ашылған балабақшалар лицензияланады. Екінші кезеңде мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген балабақшалар. Соңғы кезеңде – барлық жұмыс істеп тұрған өзге балабақшалар – тәуекелдерді бағалау деңгейі бойынша лицензияланатын болады.
Сондықтан балабақша басшыларына алаңдамау керек, олардың барлығына жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіруге уақыт беріледі.
Гүлдана Омарованың пікірінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендігі өте маңызды, өйткені лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылады және лицензиардың лицензиатпен тікелей өзара іс-қимылы болмайды.