17 Тамыз 2026, 02:17
Фото: istockphoto
Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Лисаков қаласында 22 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен,
Бұл туралы жергілікті «Тобол Инфо» жазды.
Оқиға 14 тамызға қараған түні болған. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес полиция өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.