Өліп қала жаздадым – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мені бүгін ауруханадан қолхатпен шығарды. Өкпе тіні 75-85%-ға зақымданған. Бұл туралы танымал саясаттанушы Саясат Нұрбек facebook-тегі парақшасында жазды.

Коронавирус-қатыгез және қу жау. Мен шынымды айтсам, өліп қала жаздадым. Өкпе бір сәтте жұмыс істемей қалды. Түтікшені салып, өкпеге қысым арқылы ауа жібереді. Өкпе көлемі қатты кішірейді. Кез келген физикалық күшке жауап ретінде ентігу басталады. Тыныс алу таяз әрі жиі, - деді Саясат Нұрбек. 

Оның айтуынша, осы аралықта 12 кел жоғалтқан. 

Енді ұзақ қалпына келу процесі тұр. Бауыр, ішек отырды. Ауруханада қажетті дәрі де болған жоқ. Қант диабеті анықталды, енді емделу керек болады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз, - деді ол.

Айта кетейік, оыған дейін ол ауруханада жатып, ем қабылдап жатқанын жазып еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы