Лимузиндегі жанжал: Клиенттің заттарын дәретханаға тастаған жүргізуші жазаланды
Қарағандыда 26 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол лимузин жүргізушісі көліктің салонында қалдырған жеке заттарын әдейі дәретханаға тастағанын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция дерегінше, құқықбұзушы анықталып, бөлімшеге жеткізілген.
26 жастағы қала тұрғыны полицияға лимузин жүргізушісі көліктің салонында қалдырған жеке заттарын әдейі дәретханаға тастағаны туралы арызбен жүгінді. Құқықбұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша құқықбұзушы 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, - деп жазылған Қарағанды облысының ПД хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жол ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынғанын хабарладық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы