Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ басқарма төрайымы Лима Диас ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері туралы өткен брифингте айтты.

ҮЕҰ-ға өңірлік гранттар бөлу үшін жергілікті атқарушы органдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл бастама жергілікті ҮЕҰ-ны өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік береді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда ауылдық ҮЕҰ-ның рөлі мен әлеуетін арттырады деп болжануда, - деді ол.

Лима Диас айтқандай, 2016 жылдан бастап орталық арқылы 320 әлеуметтік жобаға қаржы бөлінген.

Биыл бірінші байқау қорытындысы бойынша 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар ғылым, білім, ақпарат, спорт және азаматтар құқығы салаларын қамтиды. Орталықтың қызметінің ашықтығын байқау өткізу бойынша қамтамасыз ету қарастырылған. Қазір орталықтың барлық процесі трансформацияланып жатыр. Орталық байқауға қатысатын әрбір үміткер өтініміне ерекше код береді. Байқау комиссиясының отырысы әлеуметтік парақшаларында жарияланады. Бұл-орталықтың жаңашылдығы, - деді ол.

Диас атағандай, биыл орталық базасында ҮЕҰ-ның ұсыныстары талқыланады.

Ұсыныстар бойынша жоспар мен ҮЕҰ сұраныстарына сай гранттар жасақталады. Орталық заңнама аясында грантты алу шараларын жеңілдететеді. Грант алушылармен бірге электронды құжат айналымы енгізіледі, - деді Лима Диас.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы