18 Сәуір 2019 2019, 17:45
Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстан өкілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды. Аталған бұйырыққа Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды", - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.
Комиссия кеңесінің құрамына заң жүзінде тиісті құзыреттері бар Одаққа- мүше мемлекеттердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары кіреді.