6 Қараша 2026, 20:38 Фото: видеодан скриншот

Лифтінің есігін тепкілеп, сындырып тастады: Астанада ер адам 5 тәулікке қамалды

Астанада ер адам тұрғын үйдегі лифт есігін зақымдады. 

Астанада ер адам лифтінің есігін тепкілеп, зақымдағаны үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде лифтінің зақымдану фактісін анықтады.

Анықталғандай, түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде болған ер адам лифт есігін аяғымен теуіп, ортақ пайдаланудағы мүлікке зиян келтірген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 26 жастағы Оңғарбай Сәулетбек болып шықты. Оған қатысты қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша заңда көзделген шаралар қабылданды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығын да одан өндіріп алынады, - деп хабарлады Астана қаласаның ПД баспасөз қызметі. 

Полиция лифт, кіреберістер, балалар алаңдары және тұрғын үй инфрақұрылымының өзге де нысандары ортақ мүлік болып саналатынын және олардың сақталуы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады.