Лифтіде пышақталған бала қайтадан ауруханаға жатқызылады
Ақпан айында Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған еді. Жарақат алған Батыр ауруханада емделіп, 18 ақпанда үйіне шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алайда сәуір айында оны қайтадан ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр.
Баланы 2025 жылдың сәуір айында Ұлттық бала оңалту орталығында оңалту курсынан өтеді, – деп мәлімдеді елордалық денсаулық сақтау басқармасы.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен хирург Жандос Ахнаевтың айтуынша, жарақат іздері әлі де бар. Оның сол көзі толық жабылмайды, ал аузының бұрышы сәл салбырап тұр.
Еске сала кетсек, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуылға ұшырап, бетінің жұмсақ тіндеріне көптеген кесілген жарақат алған 5 жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған болатын.
Мәжіліс депутаты осы оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.
13 ақпанда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы оқиғаға кінәлі кәмелетке толмаған балаға не болғаны жайлы айтты.