Либиядағы қос билік: Триполи үшін шешуші шайқас болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Либия астанасы Триполи үшін алда шешуші шайқас болғалы тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Либия ұлттық армиясының қолбасшысы Халифа Хафтар жуық арада Ұлттық келісім үкіметі бақылауындағы шаһарға шабуылды қайта бастайтынын мәлімдеді. Осыған байланысты қаланы қорғап тұрған Фаез Саррадж жасақтарын берілуге шақырды.

Айта кетейік, Либияда Муаммар Каддафи биліктен құлатылғаннан бері қос өкімет орнаған. Оның шығысын Парламент бақыласа, батысы БҰҰ қолдауымен құрылған Фаез Саррадж үкіметі қолында. Ал Халифа Хафтар Парламентті қолдап, сәуір айынан бері Триполи қаласын басып алуға күш салып келеді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы