Әли Бектаев: Қоғамдық кеңес – билік пен халық арасындағы көпір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев кешегі өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған мәселелерге қатысты пікір білдірді. 

Депутат алдымен, ҚР президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңестің халық пен билік арасында үзеңгі бола білгенін, аз уақыт ішінде тиісті жұмыстарды атқарғанын атап өтті.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – халық пен билік арасындағы көпір. Біріншіден, кеңес мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерді мемлекет басшысына жеткізе білді. Сарапшыларды қоғам ішіндегі түйткілді проблеманы айтып, нақты ұсыныстарын да айтты. Осыған байланысты билік пен қеңес мүшелерінің арасында қаншама кездесу өтті, барлық мәселе талқыланды. Тиісті ортақ байламға келді. Міне, осымен екінші отырыс өтті. Заңнамалық деңгейде қаншама мәселе көтерілгенін көріп отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңес отырысындағы тапсырмаларын тыңдадық. Яғни, ел басшысы қоғам мүшелерінің мәселесіне баса назар аударып, оны орындауды үкімет мүшелеріне белгілеп берді, - деді Әли Бектаев.

Сонымен қатар, депутат партия құруды жеңілдету, митинг өткізу мәдениет қалыптастырудың маңызына тоқталды.
Енді президенттің Қазақстандағы саяси партияларды көбейту керегін айтып, оған мүшелердің санын 40 мыңнан 20 мыңға қысқартты. Яғни, бір істі екі есе жеңілдетіп берді. Саяси партиялардың көптігі қоғамдағы түрлі проблеманың жан-жақты қолға алынатынын білдіреді. Бәсеке артады. Бәсеке бар жерде сапа жақсарады. Сондай-ақ, митинг өткізуге көзқарасты өзгерту туралы айтты. Өз ойын, пікірін, көзқарасын ашық айтуға әр адамның құқығы бар, тек оны өзгелердің қауіпсіздігі мен тыныштығына кедергі келтірмей, өміріне қауіп туғызбай, бейбіт түрде өткізу мәдениетін қалыптастыру керегіне назар аударды, - деді ол.

Әли Бектаев "Ауыл" партиясының төрағасы ретінде ауыл шаруашылығындағы игерілмей жатқан жерлерді алып, шаруамен айналысқысы келетін тұлғаларға үлестіріп беруді қолдайтынын айтты.
Өзім ауыл партиясының төрағасы ретінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің тиімді игерілуіне берген тапсырмасын қолдаймын. Жерді космобақылау туралы үшінші рет айтып отыр. Бұл дегеніңіз игерілмей бос жатқан жерді кәдеге жарататын шаруаға алып берудің бірден-бір жолы. Бұрын жерді екі жыл бойы игермегені үшін алып алу керек еді. Енді бір жыл пайдаланбағаны үшін мемлекет қайтарып алуға құқылы болады. Сонда жер иесі де жерден айрылып қалмау үшін шаруасын бастайды. Жерді кәдеге жаратады. Бос жатпайды. Міне, бұл дегенің ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлер санын арттыруға ықпал етеді, - деді Әли Бектаев.

Айта кетсек, кеше Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында ҚР президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтті.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы