Әли Балоевтың әлемдік рейтингтегі орны айтарлықтай жоғарылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық боксшы Әли Балоевтың BoxRec әлемдік рейтингіндегі орны 151-сатыға көтерілді. Қазір ол крузервейтте 101-орында тұр.

Бұған дейін оның менеджері Руслан Әлиев боксшының нигериялық Идрис Афинниді жеңгеннен кейін орны көтерілмегеніне наразы болған.

Әли фанаттарына алдағы уақытта жаңа кездесу болатынын жеткізді. Бұл туралы ол Инстаграмм парақшасында жазды.

Айта кетейік, кеше Әли Балоев 26 жасқа толды.

Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы